Бүгін Астанада өткен үкімет кеңесінде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев қазіргі уақытта республикалық бюджет қаражатына салынып жатқан 79 мектеп пен жергілікті бюджет ақшасына тұрғызылып жатқан 41 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға берілетінін мәлімдеді.
«Солардың арасында 18 мектеп қыркүйектің 1-інен бастап беріледі», - деді министр.
Сонымен бірге ол қазіргі таңда елдің бірқатар аймақтарында апатты жағдайда тұрған мектептердің әлі де көп екендігін, білім ошақтарында балаларға орын жетіспейтіндігін айтты.