Accessibility links

Франция президенті Кабулға барды


Франция президенті Николя Саркози Кабулда тәліптердің шабуылынан кейін аман қалған француз жауынгерлерімен кездесті.
Халықаралық коалициялық күштер мен тәліптердің арасындағы ең ауыр шайқастың барысында 10 жауынгер оққа ұшып, 21-і жараланды. Тәліптердің қатарында 30 адам мерт болып, тағы осыншама кісі жараланған. Шайқас осы аптаның басында Кабулдан шығыс жағында болды.
Николя Саркозимен Кабулға Францияның қорғаныс және сыртқы істер министрлері Эрве Морен мен Бернар Кушнер еріп келді. Олар ауған президенті Хамид Қарзаймен кездесуге тиіс.
Биыл Ауғанстанда коалициялық күштердің 180 жауынгері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG