Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілерге арналған ескерткіш ашылды. Қайғыға батқан ана мен бала бейнеленген ескерткіште шахтада қаза тапқан 30 кеншінің аты-жөндері жазылған суреттері бар. Биіктігі 3 метрге, ені 2 метрге жуық ескерткішті қарағандылық суретші-мүсіншілер дайындады.
2008 жылғы 11 қаңтарда «Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорнына қарасты «Абай» шахтасында болған жарылыс салдарынан 30 адам қаза болып, 14 адам жарақаттанған еді.