Ресей әскері Грузияның ішкі аудандарынан бүгін кешке дейін кетуге тиіс. Аптаның басында Ресей президенті Дмитрий Медведев әскердің негізгі бөлігі Оңтүстік Осетия мен Ресейге шегінеді деп мәлімдеді.
Грузиядағы “қауіпсіздік аумағында” ресейлік бітім күштері ғана қалады. Әскердің шегінуі бүгін таңғы сағат 6-да басталуы тиіс еді.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кеше кешкісін орыс әскерінің кетуге әзірленгені байқалмаған, ал Гори қаласының іргесінде окоптар қазылған.
Грузия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Александр Ломая орыс әскерінің әлі де Поти қаласында тұрғанын мәлімдеді.