Accessibility links

Ауғанстанда 30 тәліп пен бір көсем өлтірілген


Ауғанстандағы АҚШ басқаратын коалициялық күштер елдің батысында әуеден соққы беріп, 30 тәліппен қатар бір Талибан қолбасшысының көзін жойғанын хабарлады.
Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің өкілі Герат облысында әуеден соққы берілгенін растады. Бірақ көзі жойылған 30 адамның бесеуі бейбіт тұрғын болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әуе операциясы барлаушылардан тәліптердің басқосуына Талибан қолбасыларының бірі Сыддық молда басшылық етеді деген хабар келген соң басталған.
Биыл Ауғанстандағы бүлікке қатысты шайқастарда 3.400-ден астам құрбан болды, басым көпшілігі – тәліптер.
XS
SM
MD
LG