Accessibility links

Қырғызстанда жолаушы ұшағы апатқа ұшырады


Қырғыз жолаушы ұшағы Манас әуе жайы маңында апатқа ұшырады. Хабарларға қарағанда ұшақта болған жолаушылардың көбісі қаза тапқан.

Ұшақта болған кісі санына орай екі түрлі хабар таратылып отыр. Ресми қызметкерлердің кейбірі ұшақта 123 адам болған десе, енді біреулері апат сәтінде ұшақта 90 адам болған дейді.

Қырғыз президентінің кеңесшісі Токон Мамытовтың сөзінше, апаттың себебі ланкестік әрекет емес.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Қамчыбек Тачиевтің айтуынша, апаттан 25 кісі аман қалған. Олар түгелдей ауруханаға жеткізіліпті.
XS
SM
MD
LG