Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін тамыздың 1-інен бастап осы кезге дейін 16133 адам автокөлікті жүргізу куәлігінен айырылды, ал 716 кісі әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлады сәрсенбі күні Қазақстан Жол полициясының басшысы Өмірзақ Түсімов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері ел аумағында болған 8 мыңнан астам жол-көлік оқиғаларының салдарынан 2073 адам қаза тауып, 9681 адам әртүрлі жарақат алған.