Accessibility links

Никарагуа Грузияның жікшіл аймақтарын мойындады


Орталық Америкадағы Никарагуа елі Грузияның жікшіл аймақтары - Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындады. Осы қадамды жасау арқылы Никарагуа өткен айдағы соғыстан кейін бұл аймақтарды ресми мойындаған Ресейге қосылған алғашқы мемлекетке айналып отыр. Қырғи-қабақ соғысы кезінде Мәскеумен тығыз байланыста болған Никарагуа президенті Даниэль Ортега Ресейдің ұстанымымен толық келісетінін айтты.
XS
SM
MD
LG