Вице-президент Дик Чейни өткен айдағы Ресеймен соғыстан кейін Грузия АҚШ-тың қолдауы мен көмегінің жалғаса беруіне сенсе болады, деп мәлімдеді. Бұл туралы ол бейсенбі күні Тбилисиге жасаған сапары барысында айтты. Ал сәрсенбіде Буш әкімшілігі Грузия экономикасы мен инфрақұрылымын қайта құруға көмектесу мақсатында 1 миллиард АҚШ долларын беретінін жариялады.