Accessibility links

АҚШ вице-президенті Украинаға барды


АҚШ вице-президенті Дик Чейни аймақтық сапарын одан әрі жалғастырып, Киевке барды. Жұма күні оның Украина басшыларымен кездесуі жоспарланған. Бейсенбі күні Тбилисиге сапары барысында Чейни өткен айдағы Ресеймен соғыстан кейін Грузия АҚШ-тың қолдауы мен көмегінің жалғаса беруіне сенсе болады, деп мәлімдеді.

“Әлбетте, Грузияның тәуелсіздігі мен егемендігі өте маңызды және грузин халқы бостандық үшін құрбандыққа барды, сондай-ақ, басқа жерлерде азаттық үшін қызмет етті. Барлық грузиндер еркін азамат болып өмір сүруге лайық. Бұл олардың тағдыры деп ойлаймын. Грузия халқының жүрегінде батылдық бар. Ал Америкада олардың мықты және сенімді досы бар”, - деді Чейни.

Ол, сондай-ақ, Ресейдің Грузиядағы іс-қимылдары Грузияның шекарасын өзгертуге бағытталған заңсыз әрекет болды және ол Ресейдің сенімді халықаралық әріптес бола алатындығына күмән келтірді, деп атап көрсетті.

Грузияға келердің алдында АҚШ вице президенті Бакуде Әзірбайжан президентімен кездескен болатын.
XS
SM
MD
LG