Accessibility links

Ресей күштері Грузиядан келесі айда шығарылмақ


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің мәлімдеуінше, Грузияның жікшіл аймақтары – Оңтүстік Осетия мен Абхазияға қатысты халықаралық келіссөздер Женевада қазанның 15-де басталады.
Еуропа Одағының делегациясымен кездесуінен кейін Медведев қазанның 1-не дейін Оңтүстік Осетияға 200 ЕуроОдақ бақылаушысы орналастырылатын болады деп атап көрсетті. Ал содан кейін Грузияның жерінен Ресей күштері шығарылады дейді Медведев.
XS
SM
MD
LG