Accessibility links

Мұнай бағасы қайта қымбаттай бастады


Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы - ОПЕК шикізаттың әлемдік бағасының құлдырауын тоқтату үшін мұнай өндірісін қысқартуға келіскен соң, бүгін Азияның шикізат биржаларында 1 баррель көмірсутегінің бағасы 104 долларға дейін көтерілді.
Сейсенбі күні Венада ОПЕК картеліне мүше елдердің мұнай өнеркәсібі министрлері өндіріс көлемін тәулігіне шамамен 520 мың баррелге қысқартып, тәулігіне 28,8 миллион баррель өндіруге уағдаласты.
Шілде айында 1 баррелі 150 долларға жақындаған мұнай бағасы соңғы кезде күрт арзандап, 100 долларға тақады.
XS
SM
MD
LG