Accessibility links

Израиль Иран президентін "ұрламақшы"


Иран Израилдың президент Махмуд Ахмадинежадты ұрлап алып кетіп, Ислам республикасына соққы беру қаупін төндіріп тұрғаны туралы БҰҰ-на хат жолдады.
Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунға жолдаған хатында Иранның елшісі Мохаммад Хази Израилден төнген осы қатерге “табанды да анық жауап” беруді талап етті. Хатта Иранның кез-келген шабуылға есе қайтарудан қаймықпайтыны айтылады.
Оның алдында Израиль үкіметінің мүшесі Раф Эйтан Ахмадинежадты ұрлап, оны соғыс қылмыстарын қарайтын халықаралық трибуналға тапсырған “дұрыс болады” деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG