Accessibility links

Қаржы дағдарысының жаңа толқыны


Lehman Brothers-тің бас пәтері
Lehman Brothers-тің бас пәтері

АҚШ-тың инвестициялық банкі Lehman Brothers дағдарысқа ұшырағаннан кейін, халықаралық қаржы жүйесі туралы алаңдаушылық көбейе түсті.

Құрама Штаттар үкіметі несие дағдарысын тоқтату үшін біраз әрекеттер жасауда. Алайда келесі басқа бір несие дағдарысының пайда болуы қор биржаларындағы құнды қағаздар бағасының құлдырауына әкеліп отыр. АҚШ-та акциялар құны дүйсенбінің таңында қатты түскен болатын.

İрі инвестициялық банк Lehman Brothers-тің банкротқа ұшырағаны жөніндегі жаңалық тарасымен, дәл сол екі арада Еуропа мен Азиядағы қор биржаларының бағамдары да құлдырай түсті.

Lehman Brothers негізінен қозғалмайтын мүліктерге қатысты активтердің төмендеп кетуі себепті дағдарысқа ұшыраған болатын. Олардың қазіргі бағасы бастапқы құнының болмашы бөлігін ғана құрап отыр. Өткен аптада бұл фирма үшінші тоқсанда 3 миллиард 900 миллион доллардай қаржы жоғалтқандарын жариялаған болатын.

Аталған дағдарыстың әсерін сезінген АҚШ Орталық банкі өз кезегінде Wall Street-тің бұған орай өз шешімін ұсынуын сұраған еді.
Осы банк және Ағылшын банкі қаржы базарына 48 миллиард доллар салған еді. Ондағы мақсат- Lehman Brothers-тің күйреуінен кейін қаржы жүйесіндегі тоқыраудың алдын-алу, яғни банкілердің бір-біріне қарыз бере алуын қамтамасыз ету.

АҚШ-тың инвестиция банкі және сақтандыру, кепілдік беру секторларындағы өзге де ірі ұйымдар осыған ұқсас жаңалықтарды таратып отыр.
American International Group деп аталатын сақтандыру компаниясы да сырттағы әріптестерімен іскерлік байланыстарын жақсартуды қарастыруда екен.

Lehman Brothers сияқты American International Group-та және Merrill Lynch компаниясы да Құрама Штаттардағы несие дағдарысына қатыстары болулары себепті айтарлықтай шығындарға ұшырағандарын жариялады.

АҚШ Орталық банкінің бұрынғы төрағасы Алан Гринспан ABC телеарнасына берген сұхбатында:
“Ғасырда бір рет кездесетін мұнай қаржылық дағдарыстың әлемдік экономикаға айтарлықтай әсерін тигізбей өтуі мүмкін дегенге сенбеймін. Менің ойымша, шын мәнінде ол үдеріс осылайша жүзеге асуда. Бұл жерде оң өзгерістер де бар: мұнай бағасы мен азық-түлік бағасы төмендеуде. Қысқа мерзімге болса да, инфляция азаюда. Осының өзі тұрақтандыру үдерісі үшін жеткілікті болар. Солай боп жатса, мен қуанар едім. Алайда бұл іске мен ақшамды салмаймын”,- деді Гринспан мырза.

Ал Сингапурде орналасқан Standard & Poor’s зерттеу компаниясының директоры Лорани Тан оптимистік ойлар айтуда. Оның пікірінше жоғарыда баяндалғандай қаржы саласындағы сілкіністер нарық базарындағы сенімділікті қайта жандандыру үшін қажет. Lehman Brothersтегі қазіргі проблемалар АҚШ-тағы инвестициялық банктер дағдарысын тоқтатудың алғашқы белгісі болып отыр деді Тан ханым.
Ал, Азия қор биржаларындағы құнды қағаздар курсы Құрама Штаттардағы нарық саласы дағдарыстарынан кейін, сейсенбінің таңында төмендеп кетті. АҚШ-тың Lehman Brothers-інің тығырыққа тірелуінен кейін, Жапонияның орталық банкі Азия қаржы базарында дағдарысқа жол бермеу мақсатында оған 14 миллион доллар салды.
XS
SM
MD
LG