Accessibility links

Гейтс Кабулға барды, адмирал Маллен Пәкістанға кетті


Бүгін АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс Кабулда ауған-пәкістан шекарасындағы ахуалды, Талибан қозғалысы мен Әл-қаида ұйымының содырларына қарсы күрестің барысын талқылайды.
Министр Гейтс ауған президенті Хамид Қарзаймен және халықаралық қауіпсіздік күштерінің басшылығымен келіссөз өткізеді.
Дәл осы кезде АҚШ қарулы күштері штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы, адмирал Майкл Маллен Пәкістанда ел және армия басшыларымен келіссөз жүргізеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG