Қатты қазба байлықтарын өндіруден Қазақстан әлемде 13 орында келеді.
Шикізатты кешенді өңдеу бойынша Ұлттық орталықтың директоры, Ұлттық ғылым Академиясының академигі Әбдірасул Жәрменов бүгін Алматыда өткізген баспасөз-маслихатында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір тау-кен, металлургия кәсіпорындарындағы технологиясы жағынан Қазақстан кенже қалмайды, керісінше Канада, Италия, Боливия, Бразилиядағы соңғы қорғасын зауыттары, Ресейдің мырыш зауыты қазақ ғалымдарының технологиясымен салынған. Қытайда бірнеше зауыт салынуда.
“Бірақ, -деп мәлімдеді академик Жәрменов, - дамыған елдерде экологияны қорғауға өзіндік бағасының 20 пайызына жақын қаржы жұмсалса, Қазақстанның бірде-бір кәсіпорны 1 пайыздан артық жұмсамайды. Егер шетелдерде ауаға шашылған 1 тонна улы газға кемінде 100 доллар төленсе, елде 7 цент қана төлейді”.