Accessibility links

Медиахолдинг басшысының көлігі зақымдалып, жүргізуші соққыға жығылды


Шымкенттегі «Айғақ» медиахолдингі президентінің жеке автокөлігіне белгісіз біреулер от қойып, жүргізушіні соққыға жыққан деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігі «Айғақ» газетінің редакциясына сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбі күні таңертең автокөлікті жууға апарған кезде болған. Көмекке келгендер көлікті шарпыған жалынды тезірек сөндірген. Ал соққыдан жарақат алып, ес-түсінен танып қалған жүргізуші ауруханаға жатқызылған. Қаскүнемдердің кім екені және оқиғаның себебі әзірге белгісіз қалып отыр.

Дулат Әбіш басқаратын «Айғақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иелігінде «Айғақ» газеті және телеарна бар.

XS
SM
MD
LG