Accessibility links

Ресей биржалары қайта жабылды


Ресей қор биржалары, индекстер тым жоғарылап кеткеннен кейін, бүгін тағы да жабылды. Бүгін таңертеңнен бері, санаулы сағаттар ішінде бұл үдеріс екінші рет қайталанып отыр. Құнды қағаздармен сауда күн аяғына қарай қайта жалғаспақшы. RTS, MICEX атты екі қор биржасында жоғарылау үдерісі 20 және 26, 3 пайызға жеткен болатын. Бұл құбылыс Ресей үкіметі қор биржаларын демеуге әрекет жасаған кезде өсе түсті.
XS
SM
MD
LG