Accessibility links

Ресей мен ЕуроОдақ араздасқысы келмейді


Француз премьер-министрі Франсуа Фийон ғаламдық тұрақтылық үшін Еуропа Одағы мен Ресей ынтымақтастығының берік болуы маңызды деп есептейді. Француз премьері бұл пікірін Қара теңіз жағалауындағы Сочи курортында Ресей үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен өткізген келіссөзі барысында айтты.
Өз кезегінде Путин тамыз айындағы Ресей мен Грузияның қақтығысы кезінде француз президенті Николя Саркозидің дипломатиялық жұмысын жоғары бағалады.
Ресей мен ЕуроОдақтың арасы орыс-грузин жанжалынан кейін күрт салқындап, Брюссель жаңа стратегиялық келісім бойынша Кремлмен арадағы келіссөзін уақытша доғарды.
XS
SM
MD
LG