Accessibility links

Жолаушы тасымалдаушылардың талаптары орындалды


Алматыдағы «Жолаушылар тасымалы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қала ішінде жолаушы тасымалдайтын компанияларға 100 млн теңге көлемінде техникалық жәрдем беруге келісті. Сондай-ақ, бір автобустың бір күнгі міндетті кіріс мөлшері 25000 теңгеден 17000 теңгеге дейін азайтылатын болды.

Кеше таңертең қала бойынша жолаушы тасымалдайтын 800-ге жуық автобустың автопарктерден шықпай қалуы жұртты әбігерге түсірген еді. Тамыз айынынан бері 1 литр жанармайдың бағасы 69 теңгеден 89 теңгеге дейін қымбаттағанын алға тартқан көлік компанияларының басшылары жолақы бағасын 60 теңге етіп белгілеу туралы талап қойған болатын.

1,5 млн астам тұрғыны бар Алматыда күнделікті 120 бағыт бойынша жолаушы тасымалдауға 1500-ден астам автобус шығады.


XS
SM
MD
LG