Accessibility links

Жапония Ауғанстандағы соғысқа көмегін күшейтеді


Жапонияның жаңа премьер-министрі Таро Асо елдің Үнді мұхитындағы терроризмге қарсы күштерін нығайтуға ұмтылады.
Жапон парламентінің төменгі палатасында бүгін премьер-министр болып мақұлдануынан кейін өткізген бірінші баспасөз-маслихатында Асо осылай деп мәлімдеді.
Үнді мұхитындағы жапон кемелері Ауғанстанда соғысып жатқан АҚШ армиясын жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп, тылдан көмек көрсетеді.
Күншығыс елінің бұл миссиясы 2001 жылы басталып, бірнеше рет күшейтілді. Бірақ биыл парламенттің жоғарғы палатасында басымдық болып табылатын оппозицияның ықпалымен вето қойылғандықтан, миссия уақытша тоқтатылған болатын.
XS
SM
MD
LG