Қыркүйектің 12-13-і күндері Ашхабадта болған атыстан бірнеше адам қаза болды.
Ел үкіметінің оқиғаның алғашқы сағаттарында берген түсініктемесіне қарағанда, қауіпсіздік күштері мен есірткі тасымалдаушылар арасында қақтығыс болған. Алайда атыстың соңғы сағаттарында ол топ Ислам жауынгерлері еді деген хабар да үкімет тарапынан таратылған еді.
Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың үкімет отырысындағы анықтамасы да осы тектес болатын.
Нұрберді Нұрмамедов - Түркменстанда тұратын аз ғана оппозиция өкілдерінің бірі. Ол - тіркелмеген Ауызбірлік партиясының құрушысы. Ол сондай-ақ әлгі атыс болған Хитровка ауданының тұрғыны.
Азаттық радиосының Түркмен қызметіне берген сұхбатында Нұрмамедов Хитровка тұрғындарынан жинаған мәліметтеріне, сонымен бірге ел үкіметі және Ашхабадтағы АҚШ елшілігі мәліметтерін есепке ала отырып, пікір білдірген еді.
Оның сипаттауынша атыс қыркүйектің 12-і күні сағат түскі бірде басталып, түнге қарай ауыр артиллерияның араласуымен одан әрі күшейіп, келесі күні түсте аяқталған. Яғни 24 сағатқа жалғасқан.
Нұрмамедовтың хабарлауынша, оқиғаның негізігі кейіпкері Аждар деген атпен белгілі болған, Құдайберді Амандурдиев деген азамат екен.
Рамазанның алғашқы күндерінің бірінде, Аждар үйінде ауызашар берген екен. Полиция келіп, сол отырыста болған молданы тұтқындап әкетеді. Содан кейін-ақ оқиға тым жылдам дамыды деген екен Хитровка тұрғындары Нұрмамедовке.
İзінше полициядан Аждардың өзі де бой тасалай бастайды. Қауіпсіздік күштері Аждарды алғаш рет 1995 жылы Түркмен үкіметіне қарсы шеруге қатысқаны үшін тұтқындап, ол бірнеше жыл түрмеде отырып шыққан екен. Бостандыққа шыққаннан кейін де құпия қызмет оның соңынан қалмай қойған деседі.
Соңғы атыстардың қарсаңында әр жерде жарылыстар болған екен.
"Гөктепеде, жанар-жағар май құю бекеттерінде және Ашхабадтағы Түрік сауда үйінде жарылыстар болды. Ол үшін ресмилер Аждарды айыптады. Алайда оны білетіндердің сөзіне қарағанда бұл жарылыстарға Аждардың еш қатысы жоқ көрінеді", - деді Нұрмамедов Азаттыққа берген сұхбатында.
Қыркүйектің 12-сінде полиция жасағы Аждардың үйіне келіп, оларға қоқан-лоққы көрсете бастайды. Сол кезде Аждар анасына телефон шалған екен. Содан кейін Аждар әлгі телефон арқылы полиция басшысымен сөйлеседі.
"İсің менде болса, кел, сөйлесейік. Отбасыма тиіспе", - деген көрінеді. Тұрған жерін айтады.
Ол жерге, яғни Аждар жасырынған шөлмекке су толтыру зауытының ғимаратына полиция басшысы өзімен бірге Аждардың кіші ұлын да ала келеді.
Алайда екеуінің келіссөздері кезінде, ғимарат ішінде тығылып тұрған Аждардың жақтастарының бірі полиция басшысын басынан атқан екен. Осы атыс кезінде Аждардың әлгі баласы да оққа ұшады.
Президент Гурбангулы Бердімұхамедов бұл оқиға жөнінде үкіметтің арнайы отырысында хабарлап, қауіпсіздік қызметкерлерін “аталған шара барысында кәсіптік деңгейде әрекет ете алмадыңдар” деп сынап өтеді.
24 сағатқа созылған сол атыста Аждар да қаза болған екен. Оның мәйіті түсірілген бейнетаспа ашхабадтықтар арасында кең таралып кеткен деседі.
Ашхабадтағы атыстар жөнінде Нұрмамедовтың айтқан хабарлары шындыққа көбірек жанасымды сияқты.
Алайда өзге де бұлақтар секілді бұл оппозиция өкілі де Аждардың тобының қару-жарақты қайдан алғандары жөнінде және оларға қарсы танктер мен басқа да ауыр қаруларды үкімет күштерінің қолдануына не себеп болған еді деген сауалдарға жауап бере алмаған.
Сондай-ақ “болған оқиға туралы Түркменстан билігінің нақты да толыққанды мәлімет тарата алмауының сыры неде?” деген сауал да ескерусіз қалып отыр.