Сайлау алдындағы пікірсайысының Миссисипи штатының Оксфорд қаласындағы бірінші сатысында қос үміткер – демократ Барак Обама мен республикалық Джон Маккэйн – Ресейдің Грузиядағы іс-қимылын өткір сынға алды.
Обама “өктемшіл Ресейді” аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қатер”, деп атаса, Маккэйн Ресейді “іс-қимылдың халықаралық ережелерін сақтауға” шақырды.
Екі үміткер де НАТО мен Украинаның және Грузияның арасындағы байланыстың нығаюын қолдады.
Басты тақырыбы сыртқы саясат болған пікірталастың барысында негізгі қайшылық Ирақтағы соғыс пен Иранға қатысты саясат төңірегінде туды.
Обама да, Маккэйн де қаржы дағдарысымен күресу жолдарын талдасты.
4 қарашада өтетін сайлауға дейін олар тағы 2 пікірталас өткізеді.