Толықтай мемлекет меншігіндегі республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне Жанай Омаров тағайындалды. Ол бұған дейін «Kazakhstan today агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарды. Оның алдында «Қазақпарат» ұлттық агенттігінің президенті, Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған.