Accessibility links

Мүгедек кеншілер райынан қайтты


Қарағанды облысындағы ардагер кеншілер қазанның 6-сына белгіленген наразылық пикетін өткізуден бас тартуға шешім қабылдады деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі. Кеше Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллинмен кездесуден соң мүгедек кеншілер осындай ұйғарымға келген. Әкім кеншілердің көтеріп отырған өзекті проблемаларын талқылау үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрімен кездесу ұйымдастыруға жәрдемдесуге уәде берген.

Қазір Қарағанды облысында шахталарда жекешелендірілгенге дейін еңбек етіп, денсаулықтарынан айырылған 2 мыңға жуық ардагер кенші тұрады.


XS
SM
MD
LG