Ақ үй қаржылық көмек жоспарының түзетілген жобасын қолдап отыр. Және Сенат ол жобаны қолдайды деп үміт артуда. АҚШ Сенаты қаржылық көмек жоспарын дауысқа салуды сәрсенбіге белгілеген болатын. Құны 700 миллиард долларлық қаржы саласын дағдарыстан құтқару жоспарын Өкілдер палатасы дүйсенбіде қабылдамай қойған болатын. Бұл жоспар қабылданбаса, америкалық қарапайым азаматтар қатты зардап шегеді деген еді Буш. Президенттің осы ескертпесін президенттікке үміткер сенаторлар Барак Обама да, Джон Маккейн де Сенатта қайталады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады