Accessibility links

Медведев пен Меркель Грузияға қатысты келіспеді


Ресей президенті Дмитрий Медведев пен Германия канцлері Ангела Меркель Грузия қақтығысына байланысты келіспеушіліктерін бүгін ашық түрде білдірісті. Санкт-Петербордағы жиында сөйлеген сөзінде Меркель Еуропа мен Ресей арасындағы түсінушілікке шақырып, бірақ Ресейдің Грузиядағы саясатын сынады. Меркель сондай-ақ арадағы тағы басқа келіспеушіліктерді атап көрсетті. Олардың ішінде Косово мен Босния-Герцеговина және Молдованың жікшіл Днестр маңы аймағы мәселелері бар. Ал өз кезегінде Медведев Ресей мен Батыс арасындағы ашықтыққа шақырды. “Екі жақ өткенге көп көңіл бөле бермей, алға қарай жылжуы керек”, - деді Медведев.
XS
SM
MD
LG