Accessibility links

Немістердің бірлігі күні серб президенті марапатталды


Сербия президенті Борис Тадич Германияның коммерциялық емес “Werkstatt Deutschland” қорының “Quadriga” сыйлығын алды.
Екі Германияның 1990 жылы бірігуіне байланысты немістердің “Бірлік күні” мерекесінде жыл сайын берілетін бұл сыйлық Берлиндегі Бранденбург қақпасы монументінің үстіндегі 4 атты айдаған әйел мүсінінің көшірмесі болып табылады.
“Қайсарлық пен ерлік” деп аталатын сыйлық алдыңғы жылдары Ауғанстан және Украина президенттері Хамид Қарзай мен Виктор Ющенкоға тапсырылды.
Биылғы сыйлықты алған күні серб президенті Б.Тадич Еуропа Одағын “бейбіт пен келісімнің және ынтымақтастық пен бірліктің тарихтағы ең сәтті жобасы" деп сипаттап, 27 елден тұратын Одаққа Сербияны да қабылдауға шақырды.
XS
SM
MD
LG