Accessibility links

Қырғызстанда жергілікті кеңестер сайлауы өтуде


Бүгінгі жергілікті кеңестер сайлауы 2005 жылғы Қызғалдақ төңкерісінен кейін алғаш рет өткізіліп отырған сайлау.
Барлығы 7643 жергілікті депутаттық орынға тіркелген кандидаттар саны 15139 болады.

Азаттық радиосы қырғыз редакциясының хабарларында сайлауалды науқаны кезінде және бүгінгі дауыс берулер барысында кейбір кемшіліктердің болғаны жөнінде айтылды.

Жұма күні оппозициялық Жасылдар партиясының ондаған өкіліне Бішкектің орталығында өз кандидаттарын қолдау жиынын өткізуге рұхсат етілмеген болатын.

XS
SM
MD
LG