Accessibility links

Ехуд Олмерт Ресейге барады


Израиль премьер-министрінің міндетін атқарушы Ехуд Олмерт Ресейді Израилдің дұшпандарын қаруландырмауға шақырмақшы. Бүгін Олмерт Мәскеуге сапармен барады. Оның алдында Ресей Иран мен Сирия елдеріне зымырандар сатуы мүмкін деп хабарланған болатын. Жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған Ехуд Олмерт өткен айда қызметінен кету жөнінде арыз берген болатын.
Ол елде жаңа үкімет құрылғанға дейін премьер-министр қызметін атқаратын болады.
XS
SM
MD
LG