Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында «Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждары туралы келісімді ратификациялау туралы», сондай-ақ «Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бір дауыстан мақұлданды. «Бұл келісімдерге 2008 жылдың 25-қаңтарында Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдері қол қойған», — деді Индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова.