Accessibility links

«Қазақмыстың» кеншісі қаза тапты


«Қазақмыс» корпорациясының Шығыс Қазақстан облысындағы кенішінде болған төтенше жағдайдың кесірінен кен қазушы қаза тапты, — деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар министрлігі. Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданындағы Жезкент кен байыту комбинатының Орлов кенішіндегі 32 жастағы кеншінің өліміне кеннің лықсуы себеп болыпты. Жұмыс барысында жарақат алған кенші ауруханада көз жұмған.

XS
SM
MD
LG