Accessibility links

“Батька” Лукашенко Еуропаға баруға мүмкіндік алады


Беларусь ЕуроОдақтың Минскіге қарсы қолданған санкциясын жұмсарту мүмкіндігін қарастыруға шақырған Еуропа парламентінің үндеуін ықыласпен қабылдады. Беларусь сыртқы істер вице-министрі Валерий Воронецкий үндеуді “дұрыс бағыттағы қадам” деп бағалады.
Беларусь президентінен бастап, республика басшыларының ЕурОдақ елдеріне сапарға баруына шектеу қоятын тарауды жоюға шақыратын қарарды Еуропарламент депутаттарының басым көпшілігі қолдады.
ЕуроОдақтың сыртқы істер министрлері бұл мүмкіндікті дүйсенбі күні Люксембургте талқылайды. Оған Беларустың сыртқы істер министрі Сергей Мартынов шақырылды.
XS
SM
MD
LG