Accessibility links

Ресей Оңтүстік Осетиядан толық шықпады деген сынды кері қақты


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Франция сыртқы істер министрі Бернар Кушнердің Ресей Медведев-Саркози бейбіт келісімнің барлық талаптарын орындаған жоқ деген сыни пікіріне наразылық білдірді.
Ресей жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында Лавров Ахалгори ауданы Оңтүстік Осетия аймағында жатыр, сондықтан Ресей әскерлері бұл аймақтан кетпейді деп деп айтқан.
Лавров сондай-ақ Мәскеу алдағы аптада Грузия жанжалы бойынша Женевада өтетін халықаралық келіссөзге сепаратистік Оңтүстік Осетия мен Абхазия аймақтарының өкілдері қатыстырылуын қалайды деп атап көрсетті.

XS
SM
MD
LG