Accessibility links

Исландия Ресеймен несие мәселесін талқыламақшы


Исландия ресмилері несие алу мәселесі бойынша келіссөздер өткізу үшін бүгін Ресейге барады. Исландия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, орталық банк пен қаржы мамандары сейсенбі күні Ресей астанасы Мәскеуде келіссөздерін бастамақшы. Хабарларға қарағанда, Исландияға 4 миллиард еуро көлеміндегі несие керек.
Ғаламдық қаржы дағдарысы бұл елдің экономикасына қатты әсер еткен болатын. Исландияның бірқатар банктері сәтсіздікке ұшырап, елдің ұлттық валютасы құнын күрт жоғалтты.
XS
SM
MD
LG