Жұма күні Азияның қор биржалары бағалардың ақырындап өсуімен ашылды. Жапонияның Nikkei индексі таңғы сауданың барысында 1.5 пайызға өсті, Оның алдында ғана Америкадағы ең басты Доу-джонс индексі 4 пайыздан жоғары көтерілді. Өткен бейсенбі күні Еуропа мен Ресейдің биржаларында бағалардың төмендегені байқалды. Мұнай бағасының құлдырауы да жалғасуда. Сарапшылар мұны әлемдік экономиканың рецессияға ұшырауы мүмкін деген алаңдаушылықтан болып отыр деп есептейді. Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш соңғы жарты ғасырдай кезеңдегі ең ауыр дағдарысты ауыздықтау үшін үкіметтің қандай шара қолданатынын түсіндіріп сөз сөйлеуге тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?