Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында вакуумдық блоктың ақауының кесірінен төтенше жағдай орын алып, өрт шықты. Бұл туралы хабардар еткен ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Зауыттан шыққан өртті ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 30 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылған.