Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін өзінің алғашқы ұлтқа жолдауын жасайды. Қазір Ресей нарығына ғаламдық несие дағдарысы әсер етуде. Осы аптаның басында Медведев бұл дағдарысқа байланысты АҚШ-тың қаржы саясатын кінәлаған болатын. Ол сондай-ақ АҚШ экономикасының үстемдігі аяқталды деген болжам айтты.