Accessibility links

Грузин қыстағын абхаздар атқыламаған


Ресми Сухуми Абхазия шекарасына жақын грузиндердің Мужава қыстағын атқылауға қатысы жоқтығын мәлімдеді. Абхазияның Галь ауданы милициясының бастығы Лоуренс Когония мәлімдегендей, Грузия шекарасы бойындағы елдімекендердің ешбірінде атыс болмаған. Сонымен бірге Когония Мужава қыстағының түсті металл қалдықтарын жинап сатумен айналысатын тұрғыны минаға тап болып, жарылғанын атап көрсетті.
Одан бұрын Грузиядағы ақпарат көзі Мужава қыстағы Абхазия жағынан атқыланып, бірнеше адамның, оның ішінде аудан әкімінің жараланғанын хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG