Қарағанды облысының кәсіпкерлері американдық поп-жұлдыз Майкл Джексонға хат жазды. Кәсіпкерлерді қызықтырған мәселе — әншінің қазақстандық кафе-ресторандарда орындалған әндерінен қанша қаламақы алатыны.
Орталық Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Талғат Доскеновтің айтуынша, ҚР Әділет министрлігі кәсіпкерлерге тиесілі көңіл көтеретін орындардан аталған және басқа әншілердің әндерін пайдаланғаны үшін ылғи ақша жинап алады екен.
«Бізден жиналған ақшаның Майкл Джексонға, Мадоннаға немесе олардың өкілдеріне жетіп жатқанына күмәнім бар. Сондықтан да бізден ылғи ақша жиналатынын айтып және оның қаншасы әншіге тиесілі екенін білгім келіп хат жаздым», — дейді Т.Доскенов.