Accessibility links

Ауған министрлігіне шабуыл жасаушы кім?


Ауғанстанның ақпарат және мәдениет министрлігінің кіреберісінде болған шабуылдан кейін
Ауғанстанның ақпарат және мәдениет министрлігінің кіреберісінде болған шабуылдан кейін

Ауғанстанның Ақпарат және мәдениет министрлігінің кіре берісінде болған шабуылдан 6 адам қаза тапты. Шабуылды Талибан қарулылары жасаған дейді хабарлар

Ауған ресмилерінің айтуынша, бейсенбіде Кабулдағы Ауғанстанның ақпарат және мәдениет министрлігінің кіре берісінде орын алған жанкештілік жарылыстан 6 адам қаза тапқан.

Азат Ауғанстан радиосының тілшісі Хамид Пазманның хабарына қарағанда, министрлік ғимаратының ішінде орналасқан балабақша сәбилері де жараланған екен. Олар-осы министрлік қызметкерлерінің перзенттері көрінеді.

Сондай-ақ Пазманның айтуынша, жарылыс кесірінен құлаған қабырға астында, ғимарат ішіндегі 3 адам қалған екен. Төртінші адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсіп, кейін көз жұмған. Қауіпсіздік қызметкерін шабуылшылар ғимаратқа кіре берісте өлтірген боп шықты. Осы бес адаммен қоса шабуылшының өзі де қаза болған екен.
Қаланың орталығындағы Ақпарат және мәдениет министрлігінің кіре берісінде болған шабуылды бір жанкешті жүзеге асырды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Земарай Башари. Шабуыл Кабул уақыты бойынша сағат таңғы он жарымда орын алған екен.
Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан бүлікшілері өз мойнына алып отыр.

Ауғанстанның Ақпарат және мәдениет министрі Абдул Карим Хурамның Азат Ауғанстан радиосына айтуынша, елдің инфрақұрылымын зақымдағысы келетін дұшпандар осы министрлік ғимаратын көбірек көздейтін боп шықты.

Өзін Талибан өкілімін деп жариялаған Забиулла Мужахид деген адам Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігіне сұхбат берген екен. Онда ол өкіл бейсенбіде болған, министрліктегі бұл шабуыл үшін жауапкершілікті Талибан қозғалысының өз мойнына алатынын айтты.

Оның сипаттауынша үш қарулы адам министрліктің бас қақпасына қол гранатасын лақтырып, шабуылды бастаған. Нақибулла деген қарулы болса, ғимарат ішінде жанкештілік шабуыл жасап, қалған екеуі бойтасалап үлгерген екен.

Талибан және басқа да көтерілісші топтар ел аймақтарында бірнеше дүркін шабуылдарды ұйымдастырып келеді. Алайда өткен айларда ел астанасы Кабулда мұндай шабуылдар азая түскен болатын.
XS
SM
MD
LG