Ресей президентінің осы аптада жасайтын алғашқы ұлттық жолдауында дүниежүзілік қаржы дағдарысы мен Грузия соғысының салдары басты тақырыптар болады. Бұл жөнінде жексенбі күні ресми Кремлдің вебсайтында президент Дмитрий Медведев хабарлады. Президент қарашаның 5-де ұлттық жолдауын жасайды деп күтілуде.
Тамыз айында Грузия өзінің жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияны бақылауына күшпен алмақ болған кезде Ресей ол жерге өз күштерін кіргізген болатын. Соңғы айларда ғаламдық дағдарысқа байланысты Ресей қаржы биржаларындағы көрсеткіштер төмендеп кетті.