Accessibility links

Аббас: Израилмен бейбітшілік келісімі биыл жасалмайды


Палестина президенті Махмуд Аббастың айтуынша, израилдіктер мен палестиналықтар осы жылдың аяғына дейін бейбітшілік келісіміне қол жеткізе алмайды. Бұл мерзімді Вашингтон белгілеген болатын.
Румынияға екікүндік сапарын бастаған Махмуд Аббас Бухарестте сөйлеген сөзінде АҚШ пен Израиль әкімшіліктері қазір сайлау үдерістерімен айналысуда деп мәлімдеді. АҚШ-та президент сайлауы қарашаның 4-де өтсе, ал Израилде парламенттік сайлаулар ақпанның 10-да болады. Өткен жылы Мэриленд штатының Аннаполис қаласында ұйымдастырылған конференцияда бейбітшілік жөніндегі келіссөздер басталған болатын. Онда президент Джордж Буш қаңтар айына дейін Израиль мен Палестина бейбітшілік келісіміне қол жеткізеді деп үміттенетінін айтты.
XS
SM
MD
LG