Accessibility links

Қазақстан мен Кувейт кәсіпкерлер кеңесін құрмақшы


Қазақстан мен Кувейт таяу уақыттарда екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құрмақшы , — деп мәлім етті Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігі мен Кувейт Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф.

«Қазақстан мен Кувейт арасында құрылмақшы іскерлік кеңестің бірінші форумы 2009 жылдың бірінші тоқсанында Кувейтте өткізіледі. Кувейтте мұнай, мұнай химиясы мен туризм салаларында аса қызғылықты жобалар көп, оған еліміздің кәсіпкерлері белсене қатыса алады. Сондай-ақ, қазір Астана мен Эль-Кувейтте екі елдің елшіліктерін ашу мәселесі талқылану үстінде. Бүгінгі күні Эль-Кувейтпен арадағы дипломатиялық байланыстар біздің Сауд Арабиясындағы елшілігіміз арқылы жүзеге асырылуда», — деді елші.

XS
SM
MD
LG