АҚШ-та соңғы жеті штатта өткен сайлаулардың нәтижесі белгілі болды. Демократ Барак Обамаға Калифорния штатының дауыс берушілерінің атынан 55 дауыс , Вашингтоннан 11 дауыс, Вирджиниядан 13 дауыс, Орегоннан 7 дауыс және Гавайдан 4 дауыс берілді. Осылайша, 297 дауыс жинаған Барак Обама Америка Құрама Штаттарының келесі президенті болып сайланды.
Бұл сайлауда кемінде 130 миллиондай американдық сайлаушы дауыс беруге қатысты. Жеңіске жету үшін үміткер АҚШ Сайлау алқасының 538 мүшесінің кем дегенде 270-інің қолдауына ие болуы шарт еді.
Сондай-ақ сайлаушылар Өкілдер палатасының барлық 435 мүшесін және Сенатқа мүше болатын 35 үміткерді таңдауы тиіс.
Американ халқы ел президентін тікелей сайлай алмайтыны мәлім, ел президенті 538 мүшесі бар Сайлау алқасының даусымен анықталады.
Обама мен МакКейн арасындағы бәсекелестік әсіресе алты штатта қызу өтті. Ол штаттар Флорида, Индиана, Огайо, Миссури, Невада және Солтүстік Каролина. .
Сайлау күні МакКейн мен Обаманың мыңдаған ерікті қолдаушылары өз кандидатына көбірек дауыс жинау үшін үй-үйді аралап, дауыс берушілерді көлікпен сайлау учаскелеріне жеткізуді қолға алған.
Осы жылы көптеген американдық бірінші рет дауыс беру үшін тіркелген. Ресми деректерге қарағанда, дауыс беру үшін алғаш болып тіркелгендер 1920 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш -73,5 процентке жеткен.