ТASR-Slovakia ақпарат агенттігі таратқан хабарға қарағанда, Словакия президентінің Қазақстанға қарашаның 5-i мен 7-і аралығына жоспарланған сапары кейінге қалды.
Президенттің баспасөз хатшысы Марек Трубачтың айтуынша, сапардың кейінге жылжытылуына экономикалық дағдарыс себеп болып, словак жетекшісі елдегі парламент төрағасы Павол Пашка мен премьер министр Роберт Фицомен төтенше келіссөздер бастауға мәжбүр болған. Словакия президенті сонымен қатар бейсенбі күні елдегі экономикалық мәселелер талқыланатын үкімет отырысына да қатысуы керек.
Трубач Қазақстан өзінің энергетикалық қорларының байлығы жағынан да маңызды деп атап өте келе, президент кеңсесі Гашпаровичтің Орта Азияның бұл мемлекетіне басқа бір қолайлы мерзімде сапарға баруы туралы келісуге тырысады деп айтқан.
Әуелгіде Словакия президенті Гашпарович Астана мен Алматыға барады деп жоспарланған еді. Сапар барысында президент Нұрсұлтан Назарбаевпен, премьер-министр Кәрім Мәсімовпен келіссөздер өткізеді деп белгіленген-ді. Словакия президенті сондай-ақ зайыбымен бірге Қазақстанның жаңа астанасының көрікті жерлерімен танысып, тамашалауды да жоспарлаған-ды.
Сапар қорытындысында бірқатар екіжақты келісімдерге де қол қойылатын болған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Словакияға алғаш рет мемлекеттік сапармен 2007 жылдың қараша айында барған еді. Қазақстан мен Словакия арасындағы екіжақты сауда айналымының көлемі 2007 жылы 100 миллион долларға жетті, бірақ бұл Шығыс Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда төмендеу көрсеткіш.
Естеріңізге сала кетер болсақ, бір айдай уақыт бұрын Австрияның федералдық президенті Хайнц Фишердің Қазақстанға қазанның 12-сі -14-і аралығына жоспарланған сапары болмай қалған еді. Сапардың кейінге шегерілуінің ресми себебі ретінде кезектен тыс өткізілген парламент сайлауынан кейін Австрия үкіметін жасақтау мәселесі деп хабарланған болатын.
Алайда бірқатар қазақстандық және австриялық мерзімді басылымдар Хайнц Фишер сапарының кейінге қалдырылуын Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі, қазір Венада тұратын Рахат Әлиевтің төңірегіндегі оқиғалармен байланыстырып жазған болатын. Рахат Әлиев өзінің маңайындағы кейбір адамдарды Қазақстанның арнайы қызмет орындары ұрлап алып кетпекші болды деп айыптаған еді.