Accessibility links

Президент қаржыгерлерге тапсырма берді


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Серік Ақанов пен ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденовті қабылдап, қаржыгерлерге бірқатар тапсырмалар берді, — деп хабарлайды ҚР Президенттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Президент банкирлердің алдына үш міндет қойды: экономиканы несиелендіруді ұлғайту; индустрияландыру және инновациялар саласындағы жобаларды қаржыландыруды жалғастыру; шағын және орта бизнесті несиелендіруді тоқтатпау.



XS
SM
MD
LG