Accessibility links

Мемлекет басшысы тағайындаулар жасады


Бұл туралы мәлім еткен президенттің баспасөз қызметінің ақпаратынша, президенттің өкімімен Ратмир Әлімханұлы Комратов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды және «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды;

Әлихан Бірімжанұлы Жарболов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды;

Ерлан Тынымбайұлы Қарин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Болат Керімжанұлы Дарбеков «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Асхат Өлмесұлы Шойынбаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды.

XS
SM
MD
LG