Accessibility links

Ресейдің атомдық сүңгуір қайығы апатқа ұшырады


Ресей прокуратурасының құрамындағы Тергеу комитеті “Нерпа” атаулы атомдық сүңгуір қайығындағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады. Апаттың салдарынан 20-дан астам адам қаза болып, 22 кісі жараланды.
Прокуратураның өкілі Владимир Маркин хабарлағандай, қылмыстық іс “соғыс кемесін жүргізу мен пайдалану ережесін бұзды” деген бап бойынша қозғалды.
Сүңгуір қайыр Жапон теңізіндегі сынақ кезінде апатқа ұшырады. Суасты кемесінің 2 бөлігінде өрт сөндіру жүйесі іске қосылып, фреон шашылды.
Қайықта бас-аяғы 208 адам, оның ішінде 81 әскери қызметкер болды. Жапа шеккендер түгел Владивосток қаласына жеткізілді.
Ресей президенті Дмитрий Медведев қорғаныс министріне қайықтағы ахуал туралы өзіне үнемі хабарлап тұруды тапсырды.
Сүңгуір кеме әскери соғыс базасына өзі жүзіп келеді.
XS
SM
MD
LG