Accessibility links

ОҚО кеденшілері Өзбекстан азаматын есірткімен ұстады


Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеден қызметкерлері «Қазығұрт» кеден бекетін бақылау барысында есірткі алып өтпек болған 25 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Баспасөз ақпаратынша, кеденшілер иісшіл иттің көмегімен ұстаған күдіктіден төрт полиэтилен қалтаға салынған есірткілік зат табылған. Сарапшылар бұл заттың 1 кг 875 грамм гашиш екенін растады. Ұсталған азаматқа байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 250 және 259-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.


XS
SM
MD
LG